Астана қаласында “EnbekINFO” атты жаңа әлеуметтік жоба өз жұмысын бастады!
Бұл жоба еңбек нарығының барлық қатысушыларына - жұмыс іздеушілерге, жұмыскерлерге, жұмыс берушілерге, мемлекеттік органдар мен жалпы халыққа еңбек саласына қатысты, жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша дұрыс әрі нақты ақпарат таратуға бағытталған!
Еңбек нарығындағы өзгерістер, сұранысқа ие мамандықтар мен жұмыскерлерге қажетті жеке дағдылар, тегін оқу, қайта оқу мен жұмысқа орналастыру туралы, жұмыс берушілерге қажетті мамандарды табу жайында, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау, еңбек ұжымдарында қақтығыстар әлеуетін азайту жолдары, медиация мен әлеуметтік қамсыздандыру туралы дұрыс әрі нақты ақпарат таратып, көрсететін боламыз. Сонымен қатар, адамдардың өз ісін бастаудың мүмкіндіктері, шағын кәсіпкерлікпен айналысудың артықшылығы мен экономикалық дербестікке қол жеткізу үшін өз бетімен жұмыс орындарын құру жайында айтамыз.