МДБ жауабы: Харам | Nomad Fighting Championship, Ruh Fighting, Rumble Show

✅ ҚМДБ ЖАУАБЫ: ХАРАМ Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының пәтуа бөліміне хабарласып, қазіргі таңда елімізде кең таралып жатқан жалаңаш жұдырықпен төбелестіретін промоушндардың үкімі туралы сұрадым. ҚМДБ жауабы бір ауыздан “харам“ деп кесіп айтты. Мұндай промоушнға қатысушылар үнемі жарақат алады. Қол, саусақ, мұрын сынады. Бірін-бірі қан-жоса қылып соғып, бет-ауыздары жыртылып, адам танымастай дәрежеде көгеріп ісініп кетеді. Бастарына тиген ауыр соққыдан өмір бойы мүгедек болып қалу қаупі де жоғары. Ұйымдастырушылар спортшылардың қаны һәм денсаулығымен табыс тауып отыр. Бұл олар үшін жай ғана бизнес. Бұл табыс халал болып саналмайды. Ақыретте өте үлкен сұрақ-жауап болады. Егер Алладан қорқатын пенделер болса, ақыретке не дайындап жатқандарына бір сәт назар аударғаны ләзім. Гран-приге 5 млн тігіліпті. Тепсе темір үзетін еркек сол ақшаны адал еңбекпен 1 жылда табады. Бірінші байлық - денсаулық. Алайда промоушнда жүріп денсаулықтан айырылса, дүниенің бар байлығы оның орнын алмастыра алмайды. Денсаулық Алланың аманаты. Ұйымдастырушыларға да, қатысушыларға да айтарым: Құдайдан қорқыңдар! Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады деген қазақ. Мықты болсаңдар ғылым-білімнен айналысыңдар. Елге-жерге пайдалы кәсіп үйреніңдер. Білекке сенген заман өтті. Қазір ақыл жарыстыратын уақыт келді. Спортты денсаулық үшін айналысу керек, құрту үшін емес!
Back to Top