Алматы облысында балабақшалар жабылуға шақ тұр

Алматы облысында былтыр ғана ашылған жекеменшік балабақшалар жыл өтпей жатып, жабылып жатыр. Бір ғана Еңбекшіқазақ ауданында өткен жылы жұмысын бастаған 55 мектепке дейінгі мекемелердің жартысы ғана қалды. Өйткені, мемлекеттік тапсырыс бойынша берілетін тиесілі қаражатты ала алмай отыр. Карантинде жұмысы тоқтап, табыс табу былай тұрсын, қарызға белшесінен батқан ұйымдарға бұл аса ауыр екені айтпаса да түсінікті. Жер-жерде балабақша жетіспей жатқанда бұл неғылған бассыздық екенін құрылтайшылар облыс әкімдігіне келіп, жауаптылардан сұрады. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top