азаты мдениетінен сте сте айырылып жатырмыз!

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа ашық үндеу! Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, ғасырлар бойы көзіміздің қарашығындай етіп сақтап келе жатқан қазақтың мәдениетінен әсте әсте айырылып жатырмыз! Бұл дегеніміз, алдағы уақытта ұлтымыз үшін үлкен қасірет, бүгіннің өзінде рухани дағдарыстың босағасында тұрмыз! Қазақстанда тұрып жатқан қазақ азаматтарының ұлттық мәдениетін сақтап қалу үшін, құқықтарын ең болмаса елімізде еркін тұрып жатқан ЛГБТ өкілдерімен теңестіруіңізді сұраймыз! Бұлай айтудың өзі ұят әрине, бірақ заң тұрғысынан шындық осындай өкінішке орай. Ақырындап ұлттық мәдениетімізден, құндылықтарымыздан, салт-дәстүрімізден айырылып жатырмыз. Бұлай дейтінім: -Бірінші жағдай, егер бір иманды азаматымыз, иман туралы, тура жол, шариғат туралы аузын ашса, немесе парақшасына жазса, онда ол адамға ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабының 3-бөлігімен (306 мың теңгеден жоғары) айыппұл салынады, ал ЛГБТ өкілдері өздерінің азғын идеологиясын айтып, бөлісіп жатсада, оларға еш жаза жоқ, айыппұл жоқ. -Екінші жағдай, мысалы өзіміздің намаз оқитын бір азамат «рұқсатсыз» жерде, яғни кез келген ыңғайлы оқшау жерде, сауда орталықтары болсын, саябақ болсын т.б. жерлерде намаз оқыса, оған ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабының, 1-бөлімі бойынша (153 мың теңгеден жоғары айыппұл) төлетеді, ал ЛГБТ өкілдері қоғамдық жерлерде ашықтан ашық еркек пен еркек, қызбен зыз сүйісіп, өздерінің біржынысты қарым-қатынастарын Халыққа ашық көрсетіп, оны солай насихаттап жүрсе де, оларға жаза да, айып та жоқ. Ал сол біржыныстылар ашықтан ашық сүйісіп, аймаласып отырған қоғамдық жерде кішкентай балалар да жүреді, оны көрген кішкентай бүлдіршіндердің санасы сынбайды ма? -Үшініші жағдай, егер ЛГБТ өкілдері өз «құндылықтары» туралы қағаз (листовки) таратса, парақшаларында азғындыққа үгіт-насиахат жүргізсе, көшеге өз ұрандарымен шығып жатсада, АЙЫПТАЛАМАЙДЫ, ал егер бір азамат иман туралы, тура жол туралы бір ауыз айтса, болмаса қағаз таратса, оған ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабының 1-бөлігінің 3-ші тармағы бойынша (153 мың теңгеден жоғары) айыппұл салынады.⤵
Back to Top