Хижр сүресі
3. (Мұхаммед Ғ.С.) оларды қойып қой. Жесін, пайдалансын; дәмелері айналдырсын. Олар жуықта түсінеді.
4. Ешбір жұртты, белгілі бір мерзімсіз әсте жоқ етпедік.
Ешбір үммет ажалын ілгерлете алмайды да, кейіндете алмайды.
124. Ал кім үгітімнен бет бұрса, сонда күдіксіз оған бір тар тұрмыс болады. Сондай-ақ оны соқыр түрде жинаймыз.
125. “Раббым, мені неге соқыр етіп тірілттің? Расында мен көретін едім” дейді.
126. (Алла): “Міне осылай. Өйткені саған аяттарымыз келген еді. Сонда сен оны ұмытқан едің. Сол сияқты бүгін сен де ұмытыларсың” дейді.
127. Ал міне сөйтіп, шектен шыққан, Раббының аяттарына иман келтірмеген кісіні жазаландырамыз. Әрине ақырет азабы әрі қатты әрі тұрақты.
Тоһа сүресі 124 - 127 аяттар.
Ниса сүресі - 17-18 аяттар.
17. Шын мәнінде Аллаға (сыйымды) тәубе, жамандықты білмей істеп сонсоң дереу тәубе етсе, сонда олардың тәубесін Алла қабылдайды. Алла әр нәрсені білуші хикмет иесі.
18. Ал жамандықты өздеріне өлім келгенге дейін істеп: “Енді шынайы тәубе қылдым” деген және қ