МЕН ҚАЗАҚПЫН

“Қазақ әлсіз“, “қазақ надан“ демеңдер, “Қазақ“ деген ұлы халық кемеңгер. Мен қазақпын батыр әрі ақын ел Оны міне, осы өлең дәлелдер... Қазақтығым намысым мен өлшенер, Мен қазақпын қазақ үшін төгем тер. Отаныңа опасыздық қылсаңдар Ұлттың емес, сенің бағың төмендер. Мен қазақпын Жәнібекпін Кереймін, Жетісудан өсіп-өніп кеңейдім. Қазақ елін,тілін әлем білгенде Кейбір қазақ менсінбесе не дейін... Жоңғармен де, Неміспенде соғысқан, Мен қазақпын Абылаймын, Бауыржан. Жер бетінен Жоңғария жоқ болды Ал Берлинге туды тіккен Рақымжан... Мен қазақпын Махамбетпін, Бұхармын Елдің жайын, зарын, мұңын ұғармын. Жүрегімді қан жылатып жазып жыр Ел сыйлайтын  ақын болып шығармын. Мен қазапын сол үшінде мақтанам Қазақтықтан сөзсіз түбі бақ табам. Ата көрген тәрбиенің арқасы Досым тұмақ дұшпанымды сатпағам... Қайрат Құдайберген #менқазақпын #қазақ #өлең #ел @kayrat_ks2018
Back to Top