“Жусан“ арнайы гуманитарлық операциясы

Қазақстан азаматтарын Сириядағы соғыс аймағынан қайтару бойынша “Жусан“ арнайы гуманитарлық операциясы басталғанына 2 жыл толды. Қазақстанның өз отандастарын қайтару бойынша практикалық тәжірибесі халықаралық терроризмге қарсы іс-қимылдың ортақ тәжірибесіне елеулі үлесін қосуда. Таяу Шығыстағы қарулы қақтығыстар аймақтарынан отанына оралғысы келетін азаматтардың бар болуы “Жусан“ операциясының жалғасатынын білдіреді. Бүгінгі күні репатрианттар ел басшылығы мен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне бейбіт аспан астында өмір сүріп, балаларын тәрбиелеуге және өз қателіктерін түзетуге мүмкіндік бергені үшін алғыстарын білдіреді. Қазақстан өз азаматтарын қиыншылықта тастамайды! Біз үшін әр адамның өмірі қымбат...
Back to Top