Жаңа жылда күшіне енген өзгерістер

Енді сайлаудан сырт тақырыптарға келсек. Жыл басынан бері бірнеше жаңа заң күшіне енді. Ел үшін ең елеулісі Зейнетақы қоры жинағындағы қаражаттың белгілі бір бөлігін қажеттілікке, игілікке жарату. Әрине бұл әзірге 720 мың салымшының ғана басына бұйырған бақ. Десе де осыншама азамат ақшаны қажетіне қарай ала алады. Айтпақшы дәл біздің елдегідей зейнетақыны жинақтау моделі Австралия, Швейцария, Сингапур, Малайзия және Мексикада бар. Бірақ айта кетерлігі олардағы міндетті жарна 10 пайыз емес, әлдеқайда көп. Мәселен Сингапурде әрбір жұмыс істейтін азаматтың табысынан 37 пайыз жырымдалып, зейнетақы қорына аударылады. Оның 20 пайызы салымшының аударымы, қалған 17 пайызды жұмыс беруші аударады. Тиісінше олар біз сияқты жинақтың бір бөлігін алуға ниеттенсе, бұйыратын сома да үлкен.
Back to Top