Таң ата бекеттің ойранын шығарған удай мас жүргізуші екі отбасын отағасыз қалдырды

#КТКжаңалықтары Алматыда блок-бекеттегі жантүршігерлік апаттан зардап шеккен үшінші полицей хәл үстінде жатыр. Ал қаннен-қатерсіз қызметтік көлікте отырған тәртіп сақшыларының бірі блок-бекетте, екіншісі ауруханада тілге келместен көз жұмған. Таң атпай бекеттің ойранын шығарған 28 жастағы жүргізуші удай мас болған. Күдікті жүйткіген жеңіл көлігімен бетон блок пен темір қоршауларды бұзып өтіп, патрульдік машинаның бүйіріне барып соғылыпты. Оқиға орнына тілшіміз барып келді. #Алматы #блокбекет #жолапаты #мас #жүргізуші #полицейлер #зардапшеккендер #өлім
Back to Top