«Жаңа күн» мерекелік бейнеклипі (Сөзі: Камила Дайырова, әні: Сырым Нәбиқұлов)

Наурыз – жаңа күннің жаршысы, көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мейрам. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында «Хабар» арнасы көрерменіне «Жаңа күн» атты жаңа бейнебаян ұсынады! Көз қуантып, көңіл сүйсінетін клипке Наурыз көжеге жеті түрлі дәм қосылатыны сияқты жеті түрлі бағыттың әншілері жұмылдырылған. Опера бұлбұлынан бастап, эстрадамыздың деңгейін халықаралық ән додаларында көрсетіп жүрген өнер жұлдыздары бой көрсететін заманауи үлгідегі туынды көзі қарақты көрерменнің көңілінен шығады деген ойдам
Back to Top