отбасы күні

Өнегелі отбасы — ұлт келешегі. Отбасы қай заманда да дені сау қоғамның және мықты мемлекеттің негізі болып келеді. Тәуелсіздік алғаннан бергі ширек ғасырда қазақстандық тату отбасында патриотизм, еңбексүйгіштік, жаңа қоғам құру құндылықтарымен тәрбиеленген тұтас буын өсіп келеді. Қазақстанның болашағы өзара сыйластық пен татулыққа ұйыған. Жақындарына жанашырлық жасаумен бірге өзгелерге көмегін аямайтын, әркім өзінің сүйікті ісімен айналысатын, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан бірлік пен келісім құндылықтары сақталған отбасылары деп сеніммен айта аламын. Иә, өнегелі отбасы – елдіктің тұтқасы. Сәні мен салтанаты жарасқан, берекелі шаңырақ кім-кімге болсын үлгі. Ауданымыздың мерейлі, құрметті отбасыларының бірі - Қайыровтар отбасы. Бұл әулеттің ақсақалы –Қайыров Марат Бейсенұлы. Ал, жұбайы Қайырова Зура Мухаметжанқызы. Олардың отау құрып, бір шаңырақ астында өмір сүргеніне 60 жылдың жүзі. Бүгінде балаларынан он үш немере, екі шөбере сүйіп отыр. Үлгілі отбасының балалары түрлі салада қызмет етіп жүр. Барша ауданн
Back to Top