Сура 78 ^ан-Наба^ Весть «Нәбә» (хабар) сүресі Билял Ассад

«Нәбә» (Амма) Меккеде түскен сүре. Сүренің «Нәбә» (хабар) деп аталуы онда қиямет және қайта тірілу жайлы маңызды хабар баяндалады. Сүренің негізгі мазмұны мүшріктер мойындамайтын «қайта тірілуді» түрлі дәлелдермен көрсету. Сол себепті, сүре мүшріктердің бір-біріне қайта тірілу жайлы сауал қоюмен басталған. Және де, қиямет күні мен одан кейін орын алатын жаратылыстың тірілуі мен есеп-қисап жайы баяндалады. Соңынан, қайта тірілуді жоққа шығарған мүшріктерді күтіп тұрған қорқынышты салдарын ескертумен аяқталған. «Қайта тірілу» туралы ой меккелік кәпірлердің басым көпшілігін мазалаған жайт еді. Тіпті, олар ішінара оны растаушы және жалғанға шығарушы боп екі топқа бөлінді. Бұдан кейін Алла Тағала ғаламдағы түрліше ғажайыптарды жаратудағы құдіретін паш ете отырып, керемет жаратылыстар мен құбылыстарды жоқтан бар еткен құдірет Иесі адамды қайта тірілтуге дәрменсіз емес екенін жеткізеді. Сүреде қайта тірілу уақыты мен мерзімі Жаратушы құзырында белгіленіп қойылғандығы және ол пенделер арасындағы төрелік шығарылатын к
Back to Top