«QYZDAR UNIVERSITETI TV»: «ҚЫЗДАР УНИВЕРСИТЕТІ МЕНІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫМА ШАБЫТ БІТІРДІ»

🔸 #KZ Сәлем достар! Менің есімім – Ақгүл. Мен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің түлегімін. Менің өмірімде бұл оқу орнының алар орны ерекше. Университеттің қолдауымен «Мен гүлден де нәзікпін» атты тырнақалды жыр жинағым жарық көрді. Дәл осы университеттің студент ретінде көптеген халықаралық, республикалық әдеби байқауларға қатысып, оқу орнының абыройын одан әрмен биіктетуге өз үлесімді қостым. Қыздар университетін таңдауым – болашағымның жарқын болуына зор ықпалын тигізді. Біз Сенімен мақтанамыз, сүйікті білім ордасы! ℹ #QU_баспасөз_орталығы ------------------------- #Алматы
Back to Top