Алдағы қаңтар айында болатын Мәжіліс депутаттарының сайлауы онлайн режімде өтпейді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев мәлімдеді. Оның айтуынша,
сайлау процесі “Сайлау туралы“ заңмен реттеледі. Осыған байланысты елімізде онлайнда дауыс беру мәселесі қарастырылмаған. Сондықтан бұл сайлау да әдеттегі жүйе бойынша, яғни қағаз бюллетеньдерді қолданылып өткізіледі. Ал Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Серік Сыдықов пандемияға байланысты Мәжіліс пен мәслихат сайлауын өткізу мерзімі неге ауыстырылмағанына жауап берді. Оның сөзінше, Конституциямызда да, Заңдарымызда да карантин енгізілген кезде немесе өзге де жағдайларда сайлауды өткізбеу немесе басқа уақытта ауыстыру көзделмеген. Сондықтан сайлау белгіленген уақытта өтеді. Әрі ол сайлау барысында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақталатынын атап өтті.
17 views
8
1
2 years ago 00:00:58 1
Мәжіліс депутаттарының Пограничник ауылының даму қарқынына көңілі толмады
4 years ago 00:01:56 1
Мәжіліс пен мәслихат сайлауына дауыс беру басталды
9 years ago 00:01:56 87
“Панамагейтті“ естімедік
9 years ago 00:18:34 6
Өзі кеткен депутаттың қайта сайлану хақы бар ма? (2-бөлім)
9 years ago 00:22:31 3
Өзі кеткен депутаттың қайта сайлану хақы бар ма? (1-бөлім)