Ернар Айдар - Ел тілегі |тұсаукесер| 2020

#бізбіргеміз #ЕрнарАйдар #ЕлТілегі Ел тілегі Әні: Қ.Құрманбаев Сөзі: Р.Зайтов А.Елгезек Өткереді не зұлмат құйынды адам, Елім аман болсыншы,үйім де аман, Мына сұлу ғаламды сақта құдай, Сол болсыншы беретін сыйың маған. Табаны тасқа тілініп, Ақтабан болып шұбырып, Маңдайы тасқа ұрылып, Жапанда қалып қырылып. Қанша рет өліп көрдік біз, Қанша рет келдік тіріліп, Бәрін де жеңген қазағым, Жұдырық болып,(2) жұмылып. Қайырма Қамалдай берік іргеміз, Жетсекте ай мен күнге біз, Қаны бір туған туыспыз, Жаны бір жақын біргеміз. Жаратқан берген жүлдеміз, Бабадан қалған бұл негіз, Дамылсыз дауыл соқса да, Әр қашан да біз біргеміз. Жем болмау үшін дұшпанға, Ынтымағыңды қыл қорған, Мал түгіл жаның мұң болған, Бұдан да жаман күн болған. Алдыңнан шықса тағы сын, Ұрпақтар тегін танысын, Наркескен болсын намысың, Болашағыңның,(2) қамы үшін.
Back to Top