Видео от Sputnik Қазақстан

Ресей елшісі Қазақстанның Орталық Еуразиядағы рөлін ерекше атап өтті Бүгін Астанада көпполярлық әлемді қалыптастыру мәселесіне арналған халықаралық конференция өтті. Сарапшылар Орталық Еуразияның даму болашағын талқыға салды. “Бүгінде бір полярлық немесе екі полярлық әлем келмеске кетті. Біз оны анық көріп отырмыз, сезіп жатырмыз. Осы орайда ұлы державалар жайында ғана емес, орта мен шағын елдерді де айту керек. Әлемде бұл мемлекеттердің саны басым. Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Astana Think Tank Forum-ында дәл айтты, қазіргі жағдайда бұл елдердің рөлі барған сайын артып келеді”,-деді Бородавкин. Елші Қазақстанның Орталық Еуразиядағы рөлін де ерекше атап өтті.
Back to Top