Шымкенттегі ұстаулар. 21 қыркүйек

21 қыркүйекте түскі шамасында Шымкентте полиция Ордабасы алаңына жақын саябақта жүрген бірнеше адамды ұстап әкетті деп хабарлады Шымкенттегі Азаттық тілшісі. “Не үшін ұстап жатырсыз?“ деген сұраққа полиция жауап бермеді. Ұсталғандар арасында кәмелетке толмаған бір бала болған. Оның анасы саябақта елде “Қытай зауыттарының салынуына“ қарсылық танытып, пікірін айтқан. Полиция саябақ жанындағы аялдамада отырған адамдарды да отырғызды.
Back to Top