Бір тал кессең, 3 миллион теңге төлейсің! Елімізде тал-теректі түбімен қопарып, рұқсатсыз қырқатындарға салынатын айыппұл мөлшері артты. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің сөзінше, жаңа жазаға қатысты Әкімшілік және Қылмыстық кодекстерге түзетулер әзірленіп қойған. Оған сәйкес, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген ағаштарды заңсыз кескені, жойғаны және зақымдағаны үшін өтем ретінде 30 есе көп мөлшерде ағаш отырғызу міндеттеледі. Ал жеке және заңды тұлғалар мен іргелес аумақтағы жасыл екпелерді жойған адам 10 есе көп ағаш отырғызуға мәжбүр болады. Қызыл кітаптың тізімінде тұрған ағашты шапқан адамға салынатын айыппұл мөлшері 3 миллион теңгеге жуықтайды.
🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция
Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
25 views
6
0
3 months ago 00:32:29 1
Оқырманның қалыптасуы. Бірінші тарау. Күміс кітап. Бақытжан Бұқарбай