Әке-шешең жаман болса... / Мүфти Менк

Неге Исламда ата-ананың маңызы зор? Неге Алла Тағала ата-ана туралы жиі-жиі айтады? Кейбіреулеріміздің ата-аналарымыздың мінезі нашар. Алла бізге: «оларды құрметтеп, оларға мейірімді болыңдар»,- дейді. Егер олар сізді күнә іске жұмсаса, сіз оны жасамауыңызға болады. Десек те, сіз оларға мейірімді, жұмсақ болуыңыз қажет. Оларды құрметтеп, жақсылық жасауыңыз керек. Сіз ата-анаңызға жақсы қарауыңыз қажет. Өйткені Алла оларды сізге таңдады. Әлде сіз оларды таңдадыңыз ба?Ата-анаңызды жақсы көріңіз, сыйлаңыз. Мейлі олардың жаман әдеттері болсын, мүмкін олар мұсылман емес шығар, мүмкін күнә жасап жүрген болар... Бірақ бұл сіздің оларды жақсы көрмеуіңізге себеп болмауы керек. Себебі, олар сіздің әкеңіз, анаңыз. Иә, олардың сізге ұнамайтын әдеттері болуы мүмкін. Кейде кейбір ата-аналар соншалықты зұлым болады, сіз олардан алыс болуға мәжбүр боласыз. Алайда қаншалықты алыс болсаңыз да, оларды құрметтеңіз, мейірімділік көрсетіңіз. Әрқашан оларды дұғаларыңызға қосыңыз, олар үшін Алладан кешірім сұраңыз!
Back to Top