ТРКІСТАНДА ІСКЕРЛІК ОРТАЛЫТЫ РЫЛЫСЫ ЫЗАН

ТҮРКІСТАНДА ІСКЕРЛІК ОРТАЛЫҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚЫЗҒАН Түркістанда іскерлік орталықтың құрылысы қызған. Белгіленген жер телімінде орталықтың іргетасы қаланып, қазаншұңқыр қазылуда. Нысанның құрылысын жүргізетін «BI group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмыстың алғашқы сатысы аяқталуға таяу екенін айтты. Кезең-кезеңімен салынатын болашақ әкімшілік кеңсені 2020 жылдың наурыз айында тапсыру жоспарланған. Дегенмен құрылысшылар ғимараттарды белгіленген мерзімнен бұрын тапсырамыз деп құлшынып отыр. Ауданы 50 мың шаршы метрді құрайтын ғимарат төрт қабаттан тұрады. Мұнда заманауи кеңселер, су мен энергияны тиімді пайдалану жүйесі қарастырылған. Яғни, іскерлік орталық «ақылды ғимарат» қағидасына сай автоматтандырылады.
Back to Top