аза ытай соысы

Қытайлар не себепті Қазақтың Балқашқа дейінгі аумағын өз жері санайтынын білесізбе ? Соңғы кездері жиі еститін Қара Қытай қаптаса сары Орыс әкеңдей көрінер деген сөздің, Қайдан шыққаны жайлы ойлап көрдіңізбе ? Батыр Баян расында қалмақтар мен соғыста өлдіме ? Міне осындай санаңыздағы сансыз сұрақтардың жауабын сізге білген дұрыс!. Оқиға Әбілмәмбет хан тұсында болған... 1755 жылы Жоңғарияны қанға бөктіріп миллионға жуық халқын қырғынға ұшыратқан Қытай айдахары, ендігі Қазақ жеріне қарай көз аларта бастады. Әскерінің табаны тиген жердің барлығын өзінің жері деп санайтын Император Цян лун шекара деген ұғымды білмейтін. Қытайлардан ойсырай жеңілген Қалдан Сереннің жиені Әмір Сана, Орта жүзде билік құрған Абылай сұлтаннан пана сұрайды. Сыныққа сылтау іздеген Қытай императоры, Орта жүзге Елшілер жіберіп Абылайға Әмір Сананы еліне қайтаруын және де орта жүздің Қытайға бодан болуын талап етті.
Back to Top