3 айдан бері шекарадан өте алмай тұрмыз!

3 айдан бері шекарадан өте алмай тұрмыз! Арнамызға хабарласқан жүк көлігінің жүргізушілері осындай шағымдарын жеткізді. Азаматтардың айтуынша, Алматы облысындағы бір ғана “Нұр Жолы“ бекетінде 7 мың жүк көлігі қаңтарылып тұр. Олар пандемия салдарынан Қытайға тауарға шыға алмай отыр екен. Өткізу бекетінде еріксіз аялдап тұрған жүргізушілердің бүгінде ақшасы таусылып, жанар-жағармайлары мен ішер астары да біткен. Мәселен, мына видеода қайда барарын білмей сергелдеңге түскен жүргізушілерді көруге болады. Ашынған жұрт ешбір тараптан тиісті көмектің жоқтығына наразы. Ал, кезек электронды форматқа ауысқалы бері жағдай тіптен қиындаған. Себебі, амалын тауып шекара асқандарды елге бірінші кезекте еш кедергісіз кіргізіп жатқан көрінеді. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top