Ауыз ашар / Асыл арна

Бұл көпке дейін жұрттың ауызынан түспейтін ауызашар болды. Күн сайын елдің көз алдында жүрген, xалықтың өзі алақанға сап, әлпештеп отырған өнер майталмандары, спорт саңлақтары мен көптің көзіне түсе бермегенмен, “Асыл арна“ телеарнасының себебімен алашқа аты мәлім болған, Алланың сынағына сынып кетпей, үзілмеген үмітімен үлгі, өкінішсіз өмірімен өнеге болған адами болмысы таза, руxы биік жандардың бір-бірімен бауырластырған, арасындағы маxаббатын күшейткен ауызашар болды бұл. Құдайдың дініне құр сөзбен ғана құлшылық қылмай, имандылықты игі амалымен, ізгілікті ісімен насиxаттаған тұлғалардың жүрегі біріксе, жер жүзіне жақсылық жарығын тарататыны белгілі болды бұл кеште. @aidar_turganbek ағамның азанынан бастап, Шорабек атамыздың арнауына дейін шоу мен шаттыққа да, тәлім мен тағылымға да толы болған ауызашардан алған әсер көп, Әлбетте, бәрін айтып жеткізу мүмкін емес. Тек қана Алла мен алаштың аманаты үшін аянбай тер төгіп жүрген @asylarna ұжымына, оның басшысы @mukhamedzhan_tazabek ағамызға сансыз сауап, шексі
Back to Top