Димаш – Министрліктің жобасы //Сұмдық қыз алып қашу //Назарбаева теңдік қалайды //«Не жаңалық?» - 5

Сәлем, қалайсың? Мен Әлімжан Асқаров, ал бұл «Не жаңалық?» бағдарламасының 5-ші шығарылымы. Мәдениет және өнер департаментінің директоры Күміс Сейітова Димаш Құдайбергеннің министрлік әзірленген бағдарламаның арқасында танымал болғанын айтты. Түркістан облысы Арыс қаласында қыз алып қашқан тұрғындардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Қазақстан мектептерінде сырттағы дәретханаларды алып тастайтын болды. Сенат төрағасы Дариға Назарбаева 2020 жылы парламент тыңдалымында гендерлік теңдік мәселесін көтермек.
Back to Top