Ақтөбеде 90 жастағы қарияны құтқарып қалған өрт сөндіруші марапатталды

АҚТӨБЕ. ҚаЗАқпарат – Ақтөбеде Тәуелсіздік күні облыстық төтенше жағдайлар департаменті офицерлік бал өткізді. Онда 90 жастағы қарияны өрттен аман алып шыққан қызметкер марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті мереке күні қызметкерлерді марапаттады. Екі қызметкер «Халық алғысы» медалін алды. Сонымен бірге Төтенше жағдайлар министрі атынан алғыс хат алған қызметкерлер бар. Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласындағы өрт кезінде 90 жастағы қарияны аман алып қалған Самрат Мейрамбек алғысқа бөленді.
Back to Top