Мсылмандарды артта алу себебі | Руслан Курбанов

2017 жылы 10 қыркүйек, Астана қаласындағы Ислам Ынтымақтастық Ұйымы саммитінде Режеп Тайип Эрдоғанның жасаған мәлімдемесі: «Өміріміздің соңына дейін білім алуды насихаттайтын дінді ұстанушымыз. Ислам өркениеті - бұл білім мен ғылым өркениеті. Мұсылмандар әлемдік саясатты бақылауда ұстаған кезеңдерде, олар сонымен қатар ғылым-білім мен инновациялар орталығы болды. Мұсылмандардың өмірінде ғылым-білім мен зерттеулер екінші орынға көшкенде, артта қалу мен құлдырау басталды. Бүгінде ислам әлемінің 55%-ы оқу-жазу білмейтін сауатсыз. ЭЫДҰ (Экономикалық Ынтымақтастық пен Даму Ұйымы) елдерінде ЖІӨ-нің (Жалпы Ішкі Өнім) 5,2%-ы білімге бөлінеді. Бірақ ислам әлемінде бұл көрсеткіш тіпті 1%-ға да жетпейді. Біздің үздік балаларымыз бен жарқын “ақылдыларымыз“ батыс елдеріне кетіп, батыс ұйымдарында жұмыс істеуде. Сондай-ақ, біз ақпараттық технология саласында өндіруші емес, өкінішке орай тұтынушымыз».
Back to Top