Қазақстан – татулық пен келісім орталығы

Ұлтаралық татулық пен келісім – көпұлтты мемлекетіміздің басты құндылығы. Бүгінгі бейбітшіліктің негізі - бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстардың береке-бірлігінде. Еліміздің дін саласындағы саясаты – конфессияаралық келісімнің, діни ахуалдың тұрақтылығының кепілі. Әр халық өзінің таным-түсінігі мен мәдени құндылықтарынан бастау алатын діни наным-сенімдері бойынша ғибадат үйлеріне барып, жөн-жоралғыларын өткізуде. Бұл үшін мемлекет тарапынан бар жағдай жасалған. Себебі, барша қазақстандықтарды жас мемлекетіміздің жарқын келешегіне деген үлкен сенім мен ортақ мүдде біріктіреді. Негізгі тірек – Ата Заң. Бүгінгі таңда мемлекеттің саясаты дінаралық келісімді сақтауды, діндердің үнқатысуына серпін беру және қоғамдағы өзара діни төзімділікті насихаттауды көздейді. Конфессияаралық және өркениетаралық келісімнің жасампаздық әлеуеті ел ішінде ғана емес, халықаралық деңгейде де бітімгершілікке бастайтынын мемлекетіміз әлемге дәлелдей білді. Қазақстан сияқты көпэтносты мемлекетте өзара түсіністік, бірлік маңызды дейді дін қызметкерлері. Өңірде православтік, католиктік, лютерандық, баптистер сияқты түрлі діни көзқарас бойынша топтасқан конфессиялардың құрамына енетін 315 діни бірлестік бар. Әрбіреуінің қоғамдағы іс-әрекеті мен үгіт-насихат жұмыстары жіті бақылауға алынған. Облыстық дін істері басқармасы өңірдегі діни ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытындағы кешенді іс-шараларды үздіксіз негізде жүзеге асыруда.
Back to Top