премьера ““Фариза мен Мұқағали““

Құрметті өнер сүйер қауым! Сәкен театрында жақында премьера ““Фариза мен Мұқағали““ авт: Р. Отарбаев реж: Н.Жұманиязов “Фариза мен Мұқағали“ лирикалық драма. Заманның сыршыл ақындары Фариза Оңғарсынова мен Мұқағали Мақатаевтың өр руxты өлеңдері мен маxаббат лирикасы талай ұрпақты тәрбиелеп, поэзия әлеміне табындырып, тамсандырып келеді. Ақындық пен адамгершілік туын қатар ұстаған Мұқағали ақынның досы қандай көп болса, дұшпаны да соншалық. Қызғаныш пен көреалмаушылық, талантты таптау, сатқындық міне осының бәрі аурумен арпалысқан ақын жанын жаралайды. Осындай сәттерде Мұқағали ақынның жанына жалау, көңіліне медеу болған қаламдас қарындасы Фариза болды. Спектакльге бірін-бірі түсінген руxтас жандардың пенделіктен жоғары, таза ақындық қарым- қатынастары арқау болған. Сәкен театры . “Фариза мен Мұқағали“ лирикалық драмасының премьерасын тамашалауға 14,15 ақпан күндері, сағ -да Станиславский театрына шақырады. Келіңіздер, көріңіздер! #Анықтама телефондары: 41-39-89, 42-02-97 Театрда жүздесейік!
Back to Top