Неге солай? «Ұлт – мектепте қалыптасады» — «қазақи мұғалім» Дәурен Сағынғалиев

Жас мұғалім бар екен. Қайраткерлігі мен парасатымен көзге түсіп жүрген педагог, мектеп мұғалімі Дәурен Сағынғалиев. Мектепте ұстаздық ете жүріп, «Тоғыз толғаныс» деген өте қызық кітап жазыпты. Өзі тағы мынадай афоризмдер шығарыпты: «Мұғалімнің шашына ақ түспесе – абыройына дақ түседі», «11 сыныпта сақтарды білмейтін баладан сақ болыңыз!», «Мұғалімге әр нәрсені міндет қылып жүктейміз – ол міндет емес, қоғамдағы індет», «Түнгі ұйқысы қанбаса – оқу деген далбаса!».
Back to Top