ҚАЗҰУ-ДА РАХМЕТОЛЛА РАЙЫМҚҰЛОВҚА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жазушы, қоғам қайраткері Рахметолла Райымқұловтың туғанына 110 жыл толуына арналған «Рахметолла Райымқұловтың әдеби мұрасы: Көркемдік және ұлттық мінез» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Жиында жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған «Ғибратты ғұмыр» атты сериялық кітабының және балаларға арналған «Сұр көбелек» кітабының салтанатты тұсаукесер рәсімі өтті.
Back to Top