Қарағанды облысында көмір тиелген вагондар аударылды

Қарағанды облысында көмір тиелген сегіз вагон рельстен шығып кетіп, оның екеуі аударылып қалды. Соның салдарынан 150 метр теміржол төсеміне зақым келген. Оқыс оқиға Ботақара стансасының теміржол өткелінен 27-ші шақырым жерде болған. Төтенше жағдай министрлігінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Бұл пойыздардың қозғалысына әсер етпепті. Оқиғадан ешкім зардап шекпеді. Қазіргі таңда рельсті қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top