Сіз кімсіз, Ка мырза?

Жылы: 2009 Елі: Қазақстан, Ресей Жанры: шабыс,драма, қарақшылық, атыс Фильм рейтингі: 6.8 Премьерасы: 18 қаңтар, 2010 жыл Режиссер: Қуат Ахметов Рөлдерде: Асанәлі Әшімов, Александр Феклистов, Талғат Теменов, Филипп Волошин,Донгджай Хатайкарн,Ержан Түсіпов, Гүлшарат Жұбаева, Дәулет Әбдіғапаров, Мұрат Бисенбин,Ғазиза Әбдінәбиева, Имомберді Мингбаев Пойыздағы бір қарт кісінің жанында ашық жарқын, әңгімешіл жігіт отырады. Бірақ жүзі жылы көрінгенімен оның ішінде не ойы бар екенін ешкім білмейді. Бұл адамның қауіпті екенінен ел-жұрт бейхабар. «Сіз кімсіз, Ка мырза?» фильмі ұзақ уақыт өзге елде түрмеде отырып, еліне оралған бұрынғы кәсіби барлаушының өмірі туралы. Кинода достық, сезім, ізгілік пен зұлымдық тайталасымен қатар, қылмыс әлемі, есірткі бизнесінің адамдар тағдырына әсері және онымен күрес сияқты көкейтесті мәселе көтеріледі.
Back to Top