NIS FACTOR: ЕКІНШІ МАУСЫМНЫҢ АҚТЫҚ САЙЫСЫ.

Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде NIS FACTOR мектепшілік музыкалық шоу жобасының ЕКІНШІ МАУСЫМЫНДАҒЫ АҚТЫҚ САЙЫСЫ өтті. Бір-бірінен асып түспесе кем түспеген жас зияткерлер өздерінің әншілік өнерін паш етіп жиналған көрермендерге тамаша сенбілік көңіл күй сыйлады. Қазақтың дәстүрлі жыр термелерінен бастап әлем мәдениетінде ойып тұрып орын тапқан тамаша туындыларды нақышына келтіре орындаған олар байқауға қызу дайындалғанын жеткізді.
Back to Top