Н. Тлендиев. Сарыжайлау. Исанкулова Дания. 9 лет.

9-летняя Дания Исанкулова исполняет песню “Саржайлау“. Музыка – Нургиса Тлендиев Слова – Мукагали Макатаев Жазира, жасыл кілем өрнектеген Туған жерге, дариға, жер жетпеген, Саржайлауым! Кең өлкем, әлдилей бер сен деп келем Аңсап келем, сағынып, шөлдеп келем, Саржайлауым! Қайырмасы: Саумал бұлақ балдай дәрім, Салқын самал, баурайларың, Саялаған беу туған жер, Сағындырған, Саржайлауым! Армысың, ата қоныс, жасыл мекен, Ұланыңмын мен сенің, қасыңда өтем, Саржайлауым! Басқаның жерұйығын не қылайын, Жерұйығы өзімнің қасымда екен, Саржайлауым! Қайырмасы Жадырап, жұтайыншы тау самалын, Осы еді ғой сағынып, аңсағаным, Саржайлауым! Гүлдерім, шыршаларым, аршаларым, Бәріне арнап мен бүгін ән саламын, Саржайлауым! Қайырмасы Жанымды жырға бөлеп таң атырған Әкем едің ақ таңда жаратылған, Саржайлауым! Төліңнен айналайын жаңа туған! Айналайын еліңнен дара тұрған, Саржайлауым! Қайырмасы
Back to Top