Мемлекеттің 78 жастағы президенті Нұрсұлтан Назарбаев басқаратын Қазақстандағы «Нұр Отан» партиясының жалпы табысы 2013 жылдан 2017 жылға дейінгі кезеңде 45 миллард теңгеден асқан. Қаржылық есеп бойынша, осы бес жылда партия 30 миллиардтан астам қаржы жұмсапты. «Нұр Отан» партиясы «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» заңға сілтеме жасап, орталық аппарат пен облыстық филиал басшыларының жалақы мөлшерін айтпайды. Азаттық партияның табысы мен шығынын зерттеп көрді.