Бүгін 20:20-да «Айтуға оңай...». «Отбасын сақтау»

Болмашы сылтауға бола, өзі сүйіп отасқан жарын тастап, шаңырағын шайқалтып жатқандар бар. Сондай жандарға қарапайым ғана ауыл тұрғыны Мадияр Мұратбековті үлгі етсек қой. Ағамыз нағыз орда бұзар 30-жасында сүйген жары Күлән Қазменова ауырып, төсек тартып жатып қалады. Содан бері жиырма жылдан асса да сал болып қалған Күләнді өзі күтіп, баратын жеріне арбасымен сүйретіп жүретін Мадияр ағамыз бүгінде елуден асып, 60 жасқа аяқ басты. Бірақ әлі күнге «әйелім осындай» деп бір адамға барып мұңын шаққанын ешкім көрген, естіген емес. Міне, нағыз жүрек тазалығы, жарға деген адалдық, қамқорлық! #Айтуғаоңай
Back to Top