А саалды аталарымыз бен а жаулыты аналарымызды Халыаралы арттар кнімен ттытаймыз!

Ақ сақалды аталарымыз бен ақ жаулықты аналарымызды Халықаралық қарттар күнімен құттықтаймыз! Қария - ағып жатқан дария, телегей теңіз іспеттес. Теңіздің тұнығы, дарияның тазалығы қандай болса, біз де өздеріңізді сондай деп білеміз. Ақсақал-әжелер - халықтың тұнып тұрған хаты. «Қарты бар елдің қазынасы бар» деген аталы сөз осыдан қалса керек-ті. Қарттары бар ел - бақытты ел, байыпты ел. Қай кезде де, небір сын сағатта да халқына сүйеу, жұртына қамқор болатын қарттарымыз аман жүрсін, ұрпағының қуанышына бөленсін! Құрметті біздің қарияларымыз, дендеріңізге саулық, отбасы-әулеттеріңізге амандық, Отанымызға бақ-береке тілеймін!
Back to Top