16 желтоқсан күні «Алматы арена» стадионында қазақ күресінен «Еуразия Барысы» әлем Кубогы

16 желтоқсан күні «Алматы арена» стадионында қазақ күресінен «Еуразия Барысы» әлем Кубогы өтеді. Биыл «Еуразия Барысына» Бразилия, Жапония және Камерун елдері тұңғыш рет қатысады. Ал, бірнеше рет жүлдегерлер қатарынан көрінген Моңғолия мен Грузия командаларының қазақ күресінен тәжірибелері мол. Сонымен қатар, жарыста Өзбекстан, Түркия және Қазақстанның қос командасы бақ сынайды. Әлем кубогын «Qazaqstan» және «QAZSPORT TV» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді #Qazaqstan #QAZSPORT #qaztrk #ҰлттықАрна #qaztv #qaztrkaimaq
Back to Top