Ұлттық домбра күні

«Ұлттық Домбыра Күні» мейрамы аясында өткізілетін аламан жобаға шақырамыз. Салтанатты іс-шара көпшілік домбырашылардың Секен Тұрысбек, Бекболат Тілеухан, Мейрамбек Бесбаев, Асылбек Еңсепов, Айгүл Үлкенбаева сынды өнер майталмандарымен бірге қазақ даласының танымал куйлерін орындауымен ерекшеленеді. Еліміздің басты алаңында эстрада жұлдыздарымен бір сахнада өнер көрсетіп, домбыраның күмбірлеген күміс дауысын асқақтатуға ниет білдірсеңіз сайтында тіркелуден өтіп, қатысуға жолдама алыңыз! 1 шілде күні сағат де «Қазақ Елі» алаңына келіп, нағыз қазақтың үніне қосылыңыз! Сүйікті күйлерімізді көпшілікпен орындайық!
Back to Top