«Жылы жүрек – Жомарт қол»

«Жылы жүрек – Жомарт қол» атты қайырымдылық акциясы. Құрметті ауылымыздың жеке кәсіпкерлері мен тұрғындары! Балалар – Тәуелсіз еліміздің болашағы. Оларға қолдау көрсетіп,болашағына зор үмітпен қарауына қамқор болу – біздің міндетіміз! Сіздерге «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ – де ж аралығында Республикалық «Қамқорлық» айлығы «Жылы жүрек – Жомарт қол» атты акциямыздың өтіп жатқандығын хабарлаймыз! Мектебіміздегі жетім және мүмкіндігі шектеулі мүгедек оқушыларымызбен, әлеуметтік көмекке мұқтаж оқушыларымызға қайырымды іс жасап, көмек көрсетулеріңізді сұраймыз! Еліміздің ертеңі болатын оқушылармызға теңізге тамған тамшыдай көмегіміз тиіп жатса,жақсылық болары сөзсіз. Қиналған жандарға қол ұшын созу-саналы адамзаттың міндеті. Осы міндеттен ешқашан шаршамай, жақсылық жасап жүрген мейрімді жандарға алғысымыз шексіз!
Back to Top