МАХАББАТ ДИАЛОГЫ- Құс боп ұшып жоғалсам, не етер едің?- Сені іздеумен мәңгілік өтер едім.- Отқа түсіп өртенсем, не етер едің?- Құл боп бірге соңыңнан кетер едім.- Бұлдырасам сағымдай не етер едің?- Жел боп қуып, ақыры жетер едім.- Қайғы әкелсем басыңа не етер едің?- Қойшы, сәулем, бәрін де көтеремін.