Абай ойылымыны премьерасы теді

Ертең, 14 ақпан күні, сағат 16:00-де Талдықорғандағы Бикен Римова атындағы драма театрында “Абай“ қойылымының премьерасы өтеді. Сағат 16:00-гі қойылымға кіру - ТЕГІН, сағат 19:00-сі - АҚЫЛЫ! Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған М.Әуезовтың «Абай» трагедиясы қазақтың кемеңгер ақыны, данышпаны Абай Құнанбаевтың қайраткерлік өмірі мен шығармаларының құндылығын айқындап қана қоймай, сол дәуірдегі қазақ халқының әлеуметтік-қоғамдық тіршілігін, дау-дамайға, тартысқа толы топтық қоғамның шынайы бейнесін де шебер суреттейді. Мұнда, Абайдың адамгершілік, ақындық және өз елінің бостандығы жолындағы күресі, шешендік сөздер, беташар, бата беру, туған жермен қоштасу сияқты ауыз әдебиетінің үлгілері мен Абайдың әндері де терең көрініс табады.
Back to Top