Қостанай облысының Ашутасты ауылында қасқыр 2 адамды талады

Аш қасқыр ауылға кіріп, екі адамды талап тастады. Түз тағысы далада жүрген екі қойға да тісін батырыпты. Оқиға Қостанай облысының Арқалық қаласына қарасты Ашутасты ауылында болған.  Зардап шеккендер 27 жастағы әйел адам мен 12 жастағы оқушы. Олар дереу Арқалық қаласындағы ауруханаға жеткізіліп, алғашқы көмек көрсетілді. Куәгерлердің айтуынша, екеуінің де жарақаты жеңіл. Ал қасқырға ұқсас мақұлықты тұрғындар сол жерде өлтірген. Мамандар оның денесін зертханаға апарып, тексеріп жатыр. Бұл мақұлық қасқыр ма, ә
Back to Top