Біз талай рет Д.Закиевадан балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі заң жобасын жариялауын сұраған едік.

Біз талай рет Д.Закиевадан балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі заң жобасын жариялауын сұраған едік. Бірақ омбудсмен өз парақшасына тек үзінділерін ғана салғанын көріп жатырмыз. Бұл үзінділерден Динара Болатовнаның “бастан жәй періп қалу“, былайша айтқанда “шапалақ“ туралы ювеналды заң жобасын қайта тірілтіп жатқаны айдан анық түсінікті. Біз алдында оған бірнеше рет қарсы тұрған болатынбыз. Алайда Закиева 50-ден астам түзетулерден тұратын толық заң жобасын “Қазақстандық ата-аналар одағынан“ жасырып отыр. Сұраныстарымызға жауап ретінде біз тек сылтауларды естіп жүрміз. Біресе “заң жобасы әлі әзірленбеген, әзірше тек ұсыныстар ғана ретінде жатыр“ деп, біресе “қазіргі сәтте ол Парламентте жатыр“ деп, біресе “Парламентте ештеңе жоқ, ол Аманат партиясында жатыр“ деп, біресе “ол бір комитетке жіберілді“ дейді, біресе “басқа комитетке жіберілді“ дейді. Әйтеуір, заңжобаны бір мемлекет мүшесі, екіншісі мемлекеттік мүшеге жіберіп, белгісіз қозғалыс мен аралыспақтар болып жатыр. Бұл тура бір үлкен құпия секілді. Ата-аналарға еш жағдайда көрсеткісі келмегендей көрінеді. Неге? Себебі “зорлық-зомбылық пен қатыгездік“ сөзтіркесін маньяктар мен педофилдерге ғана қатысты емес, қарапайым отбасылар мен азаматтарға қатысты қолданбақшы! Бала тәрбиелеу барысында қолданылатын әдеттегі қарапайым тәрбие әдістеріне қатысты қолданбақшы!
Back to Top