Қызғалдағым нәзігім, қызым менің,
Ақ ұлпадай әдемі, жүзің сенің.
Жаратқаным сыйлаған асылымысың,
Қызыл гүлім сенсің деп түсінгенмін.
Ханшайымым қылықты, тәттім менің,
Сен биіксің, асқақсың, Асылымсың!
Жаратқанның маған берген қымбат сыйы,
Бақытыңды көру ғой бар тілегім!
Тал шыбығым майысқан, гүлім менің!
Күндей болып, мына өмірде күлімдегін!
Тағдырыңның тармағында кездескен,
Толқыны мен сынына сүрінбегін!
Бал-шырыным балдайын, қызым менің,
Тілекшіңмін біткенше соңғы демім.
Болашағың кемелді болсыншы деп,
Жаратқаннан сұраймын күнім менің!
Сары балапаным, Жанеркем туылған күнің құтты болсын Жаным!
Алла саған жар болып, әрдайым жолың ашық, болашағың жарқын болсын! Алдыңа қойған мақсаттарыңа оңай әрі тез жете бер Жаным!!!
2 views
3291
1235
2 months ago 00:10:26 1
В ж*пу ваши извинения! Дж. Роулинг впервые ответила звездам Гарри Поттера, предавшим её...
2 months ago 00:03:32 1
Video by МКУ Спортшкола им Ж.А. Бифова г.о. Баксан