«Қара өлеңнің Хантәңірі»атты ақынның туылған күніне орай апталық өтіледі.

Бүгін менің туған күнім, Ой пәлі – ай! Мына адамдар неге жатыр тойламай? Банкет жасап берер едім өзім-ақ, Тәңірімнің жарытпай-ақ қойғаны-ай! – деп мұңданған ақынның өмірден өткеннен кейінгі туған күндері халық болып тойланатын болды.Осыған орай, мектебімізде 4-9 ақпан аралығында «Қара өлеңнің Хантәңірі»атты ақынның туылған күніне орай апталық өтіледі.Бұл апталықта түрлі іс шаралар өткізіледі. Іс шараларға белсенді қатысуға шақырамыз. Ақын мұрасы сөз өнерінің дара мұнарасы ретінде болашаққа апарар құнды қазына болып қала береді.
Back to Top