Жұмыссыз жастар саны өсіп жатқанда, зейнет жасын өсіру қисынсыз

Қазақстанның кез-келген азаматы жынысына қарамастан зейнеткерлікке 60-жастан шығуы керек. Мәжілістегі Халықтық партия фракциясы үкіметке осындай ұсыныс айтты. Александр Милютин өзінің депутатық сауалында Айта кетейік қолданыстағы заңға сәйкес, елімізде зейнет жасы ерлер үшін 63, әйелдерге дәл қазір 60. Бірақ 2027 жылға дейін ол 63-ке дейін біртіндеп өседі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі депутаттық сауалға орай зейнет жасын төмендетудің еш қажеттігі жоқ деп отыр. Айтуларынша біздегі зейнетжасы жылдар бойы зерттеліп, зерделеніп, демографиялық ахуалды, халықаралық тәжірбиені ескере отырып бекітілген. Милютин мырза біраз проблеманы ашып айтты. Жұмыссыздар туралы ресми статистика тек формальды сипатқа ғана ие екенін, экономикалық белсенді халықтың 47-пайызы табыссыз қалғанын атап өтті. Ал зейнетақы қорындағы қаражат былтыр 17 млрд теңгеге азайған. Себебі жұмыс жоқ, табыс жоқ, болса аз. #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Back to Top