КҮМБІРЛЕ ҚОҢЫР ДОМБЫРА!

1-ші желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күніне орай Атырау қаласының химия-биология бағытындағы НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ бір топ оқушылары, “Тамаша“ ойын-сауық орталығында күй атасы Құрманғазының туындыларын орындап, қала тұрғындары мен қонақтарын құттықтады. Елбасына арналған өлең-шумақтарын оқып, дәстүрлі жыр-термелерден алтын шашқан балалардың шығармашылығы баршаны тәнті қылды.
Back to Top