Kaspi Pay-мен қашықтан қалай шотты қойып, ақы қабылдауға болады?

Қашықтан төлеу – бұл Kaspi Pay қосымшасындағы сервис, оның көмегімен сіз сатып алушы – клиентінің телефон нөмірі бойынша онлайн шот бойынша ақы қабылдай аласыз. Қашықтан төлеу қызметі: - басқа қалада жүрген; - сатып алған затын жеткізу қызметімен алатын; - интернет-дүкен арқылы тауарға тапсырыс беретін клиенттерге ыңғайлы. Сатып алушы ақы төлегеннен кейін біз сізге Kaspi Pay қосымшасы арқылы бірден хабарлама жібереміз. Сондай-ақ кез келген сәтте сіз «Тарих» бөлімінде ақының күйін тексере аласыз: - төленбеген шот «Төлеуге» бөлімінде болады; - төленгеннен кейін шот бірден «Төленді» бөліміне өтеді. Kaspi Pay мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз: Facebook-тегі Kaspi Pay серіктестерінің жабық клубына кіріңіз:
Back to Top