Мұхтар Шаханов - Диоген мұңы

Қандай іске сұраныс көп, соған қадам жасадық. «Бизнес!», «Сауда!» ұғымдары атанып зор бас әріп, Еңсе бүкпес құдіреттей тұрып алды қасарып. Тек баюдың жолын үйрен, бір күніңді бос етпе!» Адамдығың бар ма, жоқ па, алынбайды есепке. Ұрла, алда, тамыр жібер «сайтангерлік» айлаға, Айлалының айбыны асқақ, мерейі үстем қайда да, Сүйенішің билік болса ұсталам деп ойлама, Ар мен ұят бұл ғасырда аса қоймас пайдаға... Нарықта мың қалтарыс бар жең ұшынан бұрылар, Елдегі ең құрметтілер — ең тойымсыз ұрылар, Байлық кімде болса, соның маңдайының нұры бар, Бар саясат сол маңдайды мадақтауға құрылар. Ұрлық заңға айналған соң рух жырын кім ұғар?
Back to Top